
Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, Камал Шөкеновті еске алу.
Командалар топқа бөлініп, жарыс айналмалы жүйемен өтеді. Жарыста жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлері кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Биыл төртінші мәрте өткізілетін турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қаржы басқармасы ұйымдастырады.
Жарыстың басталуы 23 қаңтар күні сағат 9.00 де, ашылу салтанаты сағат 10.00 де.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!