«Қызылорда керуені» қайырымдылық көмегі жөнелтілді

78

0

«Қызылорда керуені» қайырымдылық көмегі жөнелтілдіҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен «Қызылорда керуені» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Ақтөбе қаласында орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге ел болып көмек қолын созу жұмыстары жүргізілгені көпшілікке белгілі. Осы мақсатта ұйымдастырылған шараға орталық мешіт ұжымы, қалалық мешіт ұжымдары және жамағат барынша белсенділікпен атсалысты.
Мұсылман мұсылманға бауыр екенін сезінетін жергілікті халық Ақтөбелік ағайындарға көмек ретінде азық-түлік, тұрмыстық қажеттіліктер, киім-кешектер жинақтап, көлікті Ақтөбе қаласына аттандырды.
Ақтөбе қаласындағы әріптестермен орнатылған байланыс нәтижесінде көмек мақсатты жеріне жеткізіліп, ризашылық білдірілді.


Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі«Қызылорда керуені» қайырымдылық көмегі жөнелтілді
«Қызылорда керуені» қайырымдылық көмегі жөнелтілді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз