
Шара барысында ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарламалар ұсынылып, мерекелік дастарқан жайылды.
Бұған дейін дәл осындай шаралар қала әкімінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен қалаға қарасты барлық кент, ауылдық округтерде және елді мекендерде ұйымдастырылды.
Жыл санап қатары сиреген ардагерлер саны осыдан 10 жыл бұрын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеу кезінде қалада – 277 болса, 65 жылдықта – 121, ал бүгінгі күні Қызылорда қаласы бойынша 41 соғыс ардагері бар.
Қала бойынша тыл ардагерлерінің саны 2500-ге жуық. Олардың ішінде 75-і тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар.
Биылғы жылы республика, облыс, қала көлемінде бекітілген іс-шараларға сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мерейтой аясында бюджеттен бөлінген қаржылардан бөлек, қосымша жан-жақты әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру және оған бизнес құрылымдарының өкілдерін, меншік нысанына қарамастан барлық мекеме, кәсіпорындарды кеңінен тарта отырып, бірқатар ардагерлерге түрлі көмектер көрсетілуде.
Сонымен қатар Астана қаласында өтетін шеруге біздің қаламыздан 9 ҰОС ардагері қатысқалы отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!