Қызылорда әкімі жаңа туған сәбиге ырымдап Нұрсұлтан деп ат қойды

43

0

Қызылорда әкімі жаңа туған сәбиге ырымдап Нұрсұлтан деп ат қойдыБүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы бірқатар ҰОС ардагерлерін Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады.

Қала
әкімі мерекенің маңыздылығына тоқтала келе, еліміздің бүгінгідей
жетістікке жету жолындағы ардагерлеріміздің өлшеусіз еңбектеріне, елдің
бірлігін бекемдеу мен өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлағатты істеріне
барша қала тұрғындары атынан алғысын білдірді.

Өз кезегінде ардагерлер де соңғы жылдары қала
көлемінде орын алып жатқан тың жаңалықтар мен оң өзгерістерге және халық
игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Қала
әкімі Н. Нәлібаев ардагерлерге құттықтау хаттары мен арнайы сыйлықтарын
табыстады.

Сонымен бірге ол қалалық перзентханада болып Тұңғыш
Президент күні мерекесінде дүниеге перзент алып келген жас аналарды қос
қуаныштарымен құттықтады.

Қала әкімі еліміздің демографиялық өсуіне және жас
мемлекетіміздің дамуына жас отбасылардың қосар үлесі зор екендігін атап
өтті. Бүгінгідей мерейлі мереке күні дүние есігін ашқан сәбилерге
сыйлықтарын үлестірген қала әкімі бірқатарына туу туралы куәліктерін
табыстаса, дүние есігін ашқанына енді ғана бір сағат толған сәбиге
ырымдап Нұрсұлтан деген есім берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз