Қызылорда көшелеріне ҰОС ардагерлерінің суреттері ілінді

82

0

Қызылорда көшелеріне ҰОС ардагерлерінің суреттері іліндіҚызылорда көшелеріне Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің суреті бар билбордтар ілінді.

Отан үшін от кешкен ардагерлерімізге осындай құрмет көрсетіліп жатқанына қала жұртшылығы да риза болды.

«Қызылордалық ардагерлер туралы кітап та жарыққа шығуға дайын. Біздің ұйым бұл жұмысты өткен жылы қолға алған еді. Кітапқа мақалалар, естеліктер мен очерктер, жүзден астам жергілікті майдангердің суреті енеді», – деді облыстық ардагерлер кеңесінің өкілі Сандуғаш Тынымбаева.

Өңірде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер қатары жыл сайын сиреп барады. Бүгінде Қызылорда облысында бар болғаны 92 майдангер тұрады. Оларға қамқор болу – өскелең ұрпақтың негізгі міндеті.Қазалы көлік-техникалық колледжінің алаңында оқу орны қызметкерлерінің күшімен жылыжай ашылды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз