Қызылорда облыстық футбол федерациясының басшысы ауысты

87

0

Қызылорда облыстық футбол федерациясына жаңа басшы сайланды. Енді бұл қызметті Қайрат Ерназаров атқарады, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.
Қ.Ерназаров 1965 жылы 15 қаңтарда Қызылорда қаласы дүниеге келген. Қалалық мәслихат депутаты болып сайланған Қайрат Шаршыбекұлы 2000 жылдан «МетПромМонтаж» ЖШС құрылыс және гидромелиоративтік мекемесінің бас директоры қызметін атқарып келеді. Бұған дейін облыстық футбол федерациясын басқарған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Садық Мұстафаев басқа қызметке ауысуына байланысты басшылықтан кетті.
Жаңа басшының сайлануына байланысты өткен жиында міндеттер сараланып, алдағы жоспарлар бекітілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз