Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы келді

62

0

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы келдіҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шешімімен 2014 жылғы 31 қазандағы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің келісуімен Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Руслан Досмаханов тағайындалды.

Досмаханов Руслан Аманайұлы 1983 жылғы 15 шілдеде Алматы қаласында туған. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша (Алматы қ.), сонымен қатар Қазақ гуманитарлық заң академиясын «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Астана қ.) бітірген.

«Данабанк» АҚ қаржылық басқармасы филиалдар қызметін үйлестіру қызметі бөлімінің маманы, бас маманы (2006 ж. тамыз – 2007 ж. желтоқсан), бастығы (2008 ж. маусым – 2009 ж. тамыз); «Еуразиялық банк» АҚ Тәуекелдер департаменті нарықтық тәуекелдерді бағалау және мониторингі бөлімінің жетекші маманы (2008 ж. сәуір – 2008 ж. маусым); «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазынашылық департаменті қаржы құралдары бөлімінің бас маманы (2009 ж. тамыз – 2010 ж. қараша); ШҚО әкімдігі жанындағы Концессиялық жобалар департаментінің директоры, «ШҚО Өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма мүшесі (2011 ж. қаңтар – 2011 ж. қараша) ; басқарма төрағасының орынбасары (2011 ж. қараша – 2012 ж. қазан); ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары (2012 ж. қазан – 2013 ж. қараша); Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (2013 ж. қараша – 2014 ж. қазан) қызметтерін атқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз