Қызылорда облыстық медициналық орталығы көшбасында

82

0

Қызылорда облыстық медициналық орталығы көшбасындаДенсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2014 жылдың қорытындылары бойынша республика стационарларының рейтингісін жариялады. Ауруханалар қызметіне баға беру қорытындылары бойынша, ересектерге арналған көп профильді стационарлар арасында бірінші орынды – Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталығы, екінші орынды – Қостанай облыстық ауруханасы, ал үшінші орынды – Атырау қаласындағы облыстық ауруханасы иеленді.

ДСДРО сарапшылары еліміздің 94 көп профильді стационарларына баға берген. Оладың арасында 15 – облыстық, 49 – қалалық, аймақтардағы 15 мамандандырылған балалар ауруханасы мен қалалардағы 15 балалар стационары бар. Рейтинг ауруханалардың әр түрі бойынша жеке жасалды.
Медициналық мекемелерге баға беру – ДСДРО мамандарымен жыл сайын өткізіледі. Басты мақсат – республика халқына медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіндігін беру және аймақтардағы менеджмент жағдайын анықтау.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз