ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» АНЫҚТАЛДЫ

50

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» АНЫҚТАЛДЫҚызылорда облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың
жас мемлекеттік әкімшілік қызметке тағайындалған қызметкерлерінің
білімін, жұмыс тәжірибесін, кәсіби деңгейін, еңбекке деген ынтасын
тексеру мақсатында «Үздік жас маман» тақырыбында байқау өтті, деп
хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Аталмыш байқау облыс соттары
арасында алғаш рет өткізіліп отыр.
    Қатысушылардың білім деңгейін тексеру үшін қойылған сауалдарға
жауап беруде жас мамандардың біршамасы үздік екендерін көрсете білді.
Ал, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде еңбек туралы
мақал-мәтел айтып шешендік өнерлерін көрсетті.
    Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Қызылорда облысының
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы Лаура
Алтынбаева иеленді. 2-орынға Арал аудандық сотының жетекші маманы
Айгерім Сершеева лайық деп табылды. Ал, 3-орын Қармақшы аудандық сотының
жетекші маманы Индира Успановаға бұйырды.
    Байқауда өз өнерлерімен тәнті еткен Қызылорда қалалық
мамандандырылған әкімшілік сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
Досбол Қамзаев мен Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы Ұлболсын
Сағынаева «Алғыс хатпен» марапатталды. Қатысушыларға сыйлықтар мен
дипломдар табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз