Қызылорда облысы ардагерлер кеңесі үндеу жариялады

105

0

Қызылорда облысы ардагерлер кеңесі облыс жұртшылығына үндеу жариялады.
«Біздер, Қызылорда облысының ардагерлері, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлауға қатысу туралы шешімін қолдау мақсатында өзіміздің ортақ пікірімізді білдіруді патриоттық әрі азаматтық парызымыз деп білеміз», делінген үндеуде.

«Ұлт Көшбасшысының жетекшілігімен әлемге қарыштап дамушы, табысты ел ретінде танылған егемен елімізді қалыптастыруда біздер ауыр жолды бірге бастан өткердік. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында көпэтносты қоғамымызда татулық пен келісім орын алған. Қазіргі таңдағы көрші мемлекеттердегі жанжалдар мен қақтығыстар біздің еліміздегі тұрақтылықтың бағасын ерекшелей түседі.

Біздер соғыстың тауқыметі мен зардабын көріп, ащы дәмін татқан жандар бейбіт өмірдің қадірін жақсы түсінеміз.
Елбасының 1992 жылы ядролық қарудан бас тарту жөніндегі бейбітшіл бастамаларынан бастап, Украинадағы шиеленісті шешудегі үлесі, бүкіләлемдік деңгейде қолдау табуда. Бүгінгі күні әлемнің ірі державалар басшылары Елбасының пікірімен, көзқарасымен санасады. Бұл Мемлекет басшысының әлемдік беделі мен бейбітшілікті насихаттаудағы еңбегінің дәлелі.

Біз, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлігін ұсыну жөніндегі шешімін толық қолдайтындығымызды білдіреміз», делінген Үндеу мәтінінде.Беларусьтің Минск қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен «Александр Медведь» жүлдесіне арналған Гран-при халықаралық турнирінде Сыр спортшысы Дәулет Ниязбеков 61 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі. Енді Дәулет үстіміздегі жылдың 5-10 мамыр аралығында Дохада (Катар) өтетін еркін күрестен Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл 45-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 26 мемлекеттен 282 балуан қатысты. Қазақстан намысын 37 балуан қорғады. Ал әйелдер күресіне 13 елден 112 спортшы келген. Еркін күрес пен әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 2 күміс, 4 қола жүлдені иеленді.
Сондай-ақ, аталмыш жарыс аясында әйелдер күресінен жасөспірім қыздар арасында халықаралық турнир қатар өтті. Айтулы сында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің түлегі Асылзат Сағымбай 40 келі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді.
Ол бұған дейін Қазақстанның күміс және қола жүлделерінің иегері атанған, халықаралық турнирдің күміс жүлдегері. 2011 жылдан бері осы спорт түрімен айналысып келе жатқан Асылзаттың бапкері — Жандос Бөрібеков. Ол енді 19-24 наурыз аралығында Қарағандыда өтетін Қазақстан чемпионатында бақ сынайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз