Қызылорда облысы белсенді шетелдік инвестицияларды тартуда

42

0

Қызылорда облысы белсенді шетелдік инвестицияларды тартуда«Өңірдің жүйелі түрде дамуы мен жаңа бизнес-мүмкіндіктердің дамуын қалыптастыру мақсатында жыл сайын инвестициялық форумдар өткізіледі. Соның аясында қосымша шетелдік инвестицияларды табуға және Халықаралық қаржы ұйымдарымен байланыс орнатуға мүмкіндік бар»,-деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әмреев.

Әкім орынбасары Еуропалық қайта құру және даму банкімен жұмыс істеу аясында құны 60 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба табылатындығын атап өтті.

Облыс орталықтарын сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және су бұрғыш жүйелерін жаңғырту бойынша 3 жобаға қатысты несиелік келісімшарттарына қол қойылды. Жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат тарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ЕҚҚДБ мен қатты қалдықтарды өңдеу бойынша зауыт салу аясында алдын ала келісімге қол қойылды.

Экологиялық таза отынды пайдаланатын 100 заманауи автобусты сатып алу мақсатында облыс орталығындағы қоғамдық көлік қозғалысын жүзеге асыру бағытында бір жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда қала тұрғындарына 20 автобус қызмет көрсетуде.

Ғалым Әміреев, сондай-ақ, орын алған экономикалық жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың алға қойған мақсаттарына сәйкес, мемлекеттік – жекеменшік әріптестік арқылы инвестиция тарту оңды болып отырғандығын тілге тиек етті.

МЖК дамыту аясында аймақта Қызылорда облысы әкімдігі мен «Байқоңыр» «Әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ және » Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» мен «IFC» Халықаралық қаржы корпорациясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум экономика саласындағы кең ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру аясында қаржылық және мамандандырылған консультациялық қызметтер көрсетуге бағытталған.

Қазіргі кезде алдағы уақытқа арналған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелерді дамыту бойынша жұмыс атқарылып жатыр. 500 адамға қызмет көрсететін емхана, 600 орынды мамандандырылғын-техникалық лицей мен Қызылорда өңірінде 200 орынды жатақана жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз