ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БИЫЛ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒА

44

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БИЫЛ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒАҚызылорда облысында мал шаруашылығы саласын жандандыруды қолға алу
мәселелері қолға алынды. Биылғы жылы Қызылорда облысы аусылға қарсы
шараларының нәтижесінде буферлік аймақтан шығады. Өз кезегінде ол мал
шаруашылығын жандандырып, тіпті ет өнімдерін экспорттауға да шығаруға
болады. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг
барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов хабарлады.
    Айта кетейік, Ресей Федерациясын мен Қазақстан Республикасының
ветеринарлық қызметтерінің 2011 жылғы 11 наурыздағы шешіміне сәйкес
аусыл індетіне қолайсыз Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттеріне
көршілес Қазақстанның 5 облысы буферлік аймаққа жатқызылып, бұл
облыстардан еліміздің басқа аймақтары мен Келен одағына мүше
мемлекеттерге аусылға бейім ауыл шаруашылығы жануарлары мен олардың шикі
ет өнімдерін шығаруға тиымсалынған болатын.
    Содан бері облыс аумағын буферлік аймақтан шығару мақсатында
бірқатар жұмыстар атқарылған.  Биылғы жылдың өзінде аусыл індеті бойынша
бекітілген жоспарға сәйкес, 480 бас малдың қан құрамына лабороториялық
зерттеулер жүргізіліп, қуантарлық нәтиже көрсетті. Осы мақсатта Ресейде
дайындалған А,О,Азия-1 үш валентті аусыл індетіне қарсы вакцина
қолданылып келеді.
    Сондай-ақ, қазан айының 8-11 аралығында Халықаралық Эпизоотиялық
Бюросының бас директоры Бернард Валл Астана қаласына іс-сапармен келіп,
Премьер-министр Карім мәсімовпен және ҚР АШМ-і А.Мамытбековпен кездесуі
барысында буферлік аймақтағы 5 облысқа вакцина қолданылатын аусылдан
таза аймақ статусын беру мақсатында атқарылып жатқандығына тоқталған
болатын. Ғылыми кеңестің оң шешімі 2015 жылғы 6 қарашада Алматы
қаласында өтетін ІІІ-Халықаралық ветеринарлық конгрессінде алынады деп
күтілуде. Содан кейін барып 2016 жылдың мамыр айында Париж қаласында
өтетін ХЭБ-ның 84-Ассамблея делегаттарының қарауына ұсынылмақ.
    Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз