Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы тағайындалды

66

0

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы тағайындалдыБүгін облыс
активінің отырысында Қырымбек Көшербаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
Қызылорда облысы бойынша департамент
басшысын таныстырды. Жаңа қызметке ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің
бұйрығымен, облыс әкімінің келісімі арқылы Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева
тағайындалды. Актив отырысына
министрліктің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов қатысты.

Жазира Жылқышиева 1970 жылы 30
тамыздаҚызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1987 жылыҚызылордадағы
Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетінің
физика және тәрбие ісі жөніндегі әдіскері бөліміне оқуға түскен. Еңбек жолын 1992 жылы жоғары сыныптарға
физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

Мемлекеттік қызметте
еңбек жолын 2001 жылдың10
сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына бас маманы ретінде бастаған. 2005 жылдың қаңтар
айынан тамыз айына дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль
басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымына ауысқан.2005 жылы«Болашақ»
университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғары білім алды. 2005 жылдың1 тамызында
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қызылорда
облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлық және құқықтық
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

2007 жылдың 19 сәуірінен 2007 жылдың 7 қарашасынадейін Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті директорының
орынбасары қызметін атқарған.

2007 жылдың7 қарашасынан 2011 жылдың 8 маусымынадейін
Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі,2011 жылдың8 маусымынан 2015 жылдың8 қыркүйегінедейін Қызылорда
облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2015 жылы8 қыркүйекте Қызылорда облысы әкімінің
өкімімен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы
болып тағайындалды.

Облыс әкімі Ж.Жылқышиеваның жаңа қызметіне сәттілік
тілеп, «Алғыс хат» тапсырды.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз