ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒУҒА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

34

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒУҒА ТОЛЫҚ ДАЙЫНБұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
    Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ветеринарлық
қызметтерінің 2011 жылғы 11 наурыздағы шешіміне сәйкес аусыл індетіне
қолайсыз Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттеріне көршілес
Қазақстанның 5 облысы буферлік аймаққа жатқызылып, бұл облыстардан
еліміздің басқа аймақтары мен Кеден одағына мүше мемлекеттерге аусылға
бейім ауыл шаруашылығы жануарлары мен олардың шикі ет өнімдерін шығаруға
тиым салынған болатын.
    Содан бері облыс аумағын буферлік аймақтан шығару мақсатында
бірқатар жұмыстар атқарылды.  Биылғы жылдың өзінде аусыл індеті бойынша
бекітілген жоспарға сәйкес, 480 бас малдың қан құрамына лабороториялық
зерттеулер жүргізіліп, қуантарлық нәтиже көрсетті.
    Сондай-ақ, қазан айының 8-11 аралығында Халықаралық Эпизоотиялық
Бюросының бас директоры Бернард Валл Астана қаласына іс-сапармен келіп,
Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен және ҚР Ауыл шаруашылық министрі
А.Мамытбековпен кездесуі барысында буферлік аймақтағы 5 облысқа вакцина
қолданылатын аусылдан таза аймақ статусын беру мақсатында атқарылып
жатқандығына тоқталған болатын. Ғылыми кеңестің оң шешімі 2015 жылғы 6
қарашада Алматы қаласында өтетін ІІІ-Халықаралық ветеринарлық
конгрессінде алынады деп күтілуде. Содан кейін барып 2016 жылдың мамыр
айында Париж қаласында өтетін ХЭБ-ның 84-Ассамблея делегаттарының
қарауына ұсынылмақ.
    – Жалпы, буферлік аймақтан шығуға байланысты талаптардың барлығын
орындап отырмыз. Енді арнайы рұқсат қағаздың мерзімін күтудеміз, – деді
облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов.
    Қызылорда облысының етті экспорттауға әлеуеті жеткілікті. Бұл
бағытта жасалып жатқан жұмыстар ауқымды. Мәселен, қазіргі таңда облыста
2200 басты бордақылауға арналған 18 алаң бар. Сондай-ақ, Сырдария
ауданында 3 мың басқа және Қазалы ауданында 500 басқа арналған мал
бордақылау алаңы салынып жатыр. Келер жылы Жалағаш ауданында 3 мың басқа
арналған бордақылау алаңының құрылысы басталатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз