Қызылорда облысы ІІД-не жаңа басшы тағайындалды

264

0

Қызылорда облысы ІІД-не жаңа басшы тағайындалдыБүгін Қызылорда облысының ІІД-нің жаңа басшысын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының ІІД басшысының лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады.

Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы лауазымдарында қызмет етті.

Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысы.

Жаңадан тағайындалған облыс полициясының басшысына Марат Демеуов оның іскери және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті қызмет тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз