Қызылорда облысы әкімдігінің ахуалды орталығын өзгелер үлгі етуде

45

0

Қызылорда облысы әкімдігінің ахуалды орталығын өзгелер үлгі етудеРеспубликаның қауіпсіздік кеңесі, бас прокуратура және басқа да орталық
мемлекеттік органдар мен аймақтар Қызылорда облысы әкімдігінің ахуалдық
орталығының құрылу тәжірибесін зерттеп, үлгі ретінде пайдалануда. Бұл
туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың «100 нақты қадам»
Ұлт жоспарының Сыр өңірінде іске асу барысына арналған баспасөз
мәслихатында айтылды.
Заман талабын сай, кәсіби мемлекетттік аппарат құру шараларының аясында
Қызылорда республикадағы алғашқы аймақ болып облыс әкімдігінің ахуалдық
орталығын (Ситуационный Центр) құрдық. Ахуалдық орталық – қазіргі
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы басқару және шешім қабылдау
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ол жоспарлау, ұйымдастыру және
қадағалауға қатысты көптеген қызметті автоматтандыра отырып, аталған
қызмет түрлерінің сапасын едәуір жақсартуға жол ашты. Айта кетейік,
өткен жылы Қызылорда облысының ахуалдық орталығы Амстердам қаласында
өткен халықаралық технологиялар байқауында мемлекеттік басқарудағы
инновациялар номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
– Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мемлекеттік сатып алу
мониторинг жүйесі жасалды. Бұл жүйе үлестес компанияларды
(аффилированность), тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы туыстық
байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Мұның барлығын ахуалды орталықта
және планшет арқылы кез-келген жерден бақылауға болады. Мұның барлығы
үлкен заманауи жұмыстың басы, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазіргі уақытта ахуалдық орталықтың экономикалық модельдеу,
экономикалық-әлеуметтік саланы бақылау модульдеріне қосымша, білім,
денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және төтенше жағдайлардың алдын алуға
арналған бағыттары дамытылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз