Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

38

0

Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалдыҚызылорда облысы әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
бойынша кеңесшісі болып Шмарина Елена Вячеславовна тағайындалды, деп
хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Елена Вячеславовна 1975 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ
мемлекеттік басқару академиясын – экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қалалық экономика бөлімінің маманы
ретінде бастаған. 1998-2007 жылдары – қалалық экономика бөлімінің аға
маманы, облыс әкімі орынбасарының аға референті, жетекші маманы, бас
маманы, бас инспекторы. 2007-2008 жылдары – облыс әкімі аппаратының
экономикалық талдау және аймақтық даму бағдарламалар мониторингі
бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі. 2008-2015 жылдары –
Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және
аймақтық даму бөлімінде бас инспектор, әлеуметтік-экономикалық және
талдау секторларының меңгерушісі, облысы әкімі орынбасарының көмекшісі
қызметтерін атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз