Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

49

0

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалдыБүгін облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің келісімі негізінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
лауазымына  Рауан Кенжеханұлы тағайындалды.
Рауан Кенжеханұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге
келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін – халықаралық
қатынастар мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы
Халық шаруашылығы академиясын – іскерлік әкімшілік мастері мамандығы
бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Гарвард университетінің Халықаралық
қатынастар орталығының  Дж.Кеннеди атындағы басқару мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Ұлттық дебат орталығында координатор ретінде
бастаған. 2002-2005 жылдары «Хабар» агенттігінің Ақпараттық
бағдарламалар дирекциясының редакторы, Ресей Федерациясы бойынша
меншікті тілшісі, 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей
Федерациясындағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы, 2006-2009
жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Маңғыстау
облыстық филиалының директоры, Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси
мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2010-2011 жылдары АҚШ-тағы Гарвард
университетінде лингвистика департаментінің оқытушысы болып қызмет
атқарған. 2011 жылдан осы кезге дейін «Bilim Media Group» компаниясының
директоры қызметін атқарып келді. Қазақ, орыс ағылшын және түрік
тілдерін жетік меңгерген.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев Рауан Кенжеханұлын жаңа қызметіне
сәттілік тілеп, осы кезге дейін жинақтаған мол тәжірибесін Сыр өңірін
өркендетуге жұмсайтынына сенім білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз