Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

61

0

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалдыҚызылорда облысы активінің отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев
ішкі саясат және әлеуметтік мәселелер бойынша жаңадан тағайындалған
орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлын таныстырды.
    Р.Рүстемов 1968 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге
келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін
«филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы», «Болашақ» университетін
«мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының стажер-оқытушысы болып бастаған.
    1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман,
консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда
қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі
аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі
қызметтерін атқарған.
    2002-2008 жылдары Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының
орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси
бөлімінің меңгерушісі, 2008-2010 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының
жетекшісі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2015 жылдары Қызылорда
облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы, екі мәрте ішкі саясат
басқармасын басқарған, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымында
қызмет еткен.
    2015 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жаңақорған ауданының әкімі болды.

***
    Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары лауызымын атқарып
келген Рауан Кенжеханұлы басқа қызметке ауысуына байланысты Қызылорда
облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз