Қызылорда облысы мен Вьетнам республикасы сауда-экономикалық байланысын нығайтпақ

51

0

Қызылорда облысы мен Вьетнам республикасы сауда-экономикалық байланысын нығайтпақБүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Вьетнам Социалистік Республикасының
Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Доан Тхи Суан
Хйенмен кездесті.
    Кездесу барысында әріптестік негізде атқарылатын жұмыстар
талқыланды. Атап айтқанда Қызылорда облысы мен Вьетнам Республикасы
сауда-экономикалық байланысын нығайтуды көздеп отыр. Осы орайда Астана
қаласында бизнес-форум ұйымдастырылатын болады. Яғни, нақты жүзеге
асатын жобалар аталған форумда екіжақты талқыланып, келісімдерге қол
қойылады деп күтілуде.
    – Бізге Қызылорда облысының даму динамикасы ұнап отыр. Бұл аймақпен
алдағы уақытта ет өндірісін бірлесіп дамытсақ дейміз. Осы бағыттағы
жұмыстарды облыс әкімімен жан-жақты талқыладық. Мұнан басқа да тауар
өндірісінде бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік бар, – деді Вьетнам
Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі
Доан Тхи Суан Хйен.
    Кездесуден кейін Доан Тхи Суан Хйен бастаған делегация «Жан-Арай»
ЖШС-де болып, Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының жұмысымен танысты.
Қонақтар аймақтың инвестициялық жобаларын көріп, кәсіпкерлермен
кездесті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз