
Мұрат Жолкелдіұлы 1963 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын – инженер-құрылысшы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін – экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» тресінің арматуршысы ретінде бастаған. 1985-2010 жылдары облыстың құрылыс мекемелерінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2010-2013 жылдары – «Оңтүстік» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім бастығы болса, 2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!