Қызылорда облысы сайлаушыларының 97,5 пайызы сайлауға қатысты

51

0

Қызылорда облысы сайлаушыларының 97,5 пайызы сайлауға қатыстыОблыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайроллаұлы БАҚ өкілдеріне Қазақстан Республикасы Президенті сайлауындағы заңдылықтың сақталуы мен сайлауға келушілердің қорытындысы туралы брифинг өткізді.

Қорғанбек Қайроллаұлы облыс бойынша 345 сайлау учаскесі бойынша 388 019 адам дауыс бергендігін, бұл сайлаушылардың 97,52 пайызын құрайтындығын жеткізді. Ол сайлау барысында заң бұзушылықтар орын алмағандығын, сайлаушылар белсенділікпен қатысқандығын атап өтті.

«Еліміздегі саяси тарихи маңызды шара – сайлау өз мәресіне жетті. Сағат 20.00-де дауыс беру аяқталып, сайлау комиссиялары дауыс беру бюллетеньдерін санау жұмыстарын жүргізуде»,-деп мәлімдеді Қ. Қайроллаұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз