Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде Ашық есік күні өтті

205

0

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде Ашық есік күні өттіАғымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай  Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып бұқара халықпен жақындастыруға, ішкі істер органдарының  қызметін дәріптеп, Отанға қызмет етемін дейтін жастардың қатарын көбейтуге бағытталған.
Іс-шара аясында қала орталығындағы 15 мектептен келген 300-ге жуық оқушылар департаменттің үлкен мәжіліс залына жиналды. Оларды қоғамдық тәртіптің күзетінде тұратын полицей ағалары күтіп алып, оларға ішкі істер органдарындағы қызмет жүйесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі жайлы мол ақпарат берерлік дәріс оқыды. Одан кейін нағыз полицей болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек екендіктерін түсіндіріп, қызмет барысындағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Өздерінің ағалық ақыл-кеңестерін айтты.
Шараға қатысушылар үшін департамент мұражайына және Жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін оқушылар топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан Жедел жоспарлау орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген  жасөспірімдер таңданыстарын білдірді.
Бұдан бөлек, полиция қызметкерлерінің қолданыстағы қару-жарақтары, техникалық құралдары, қызметтік кабинаттері таныстырылып, ішкі істер органдарында қызмет атқарған 102 ардагердің және қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің аты қашалып жазылған ескерткіш тақта қойылған алаңға апарды.
Шара соңында оқушылар естелікке суретке түсіп, мол ақпарат алғандарын жеткізді.
 
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз