Қызылорда облысы тұрғындарының назарына!

62

0

Жол-көлік оқиғасының алдын-алу, жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық әрекеттерді болдырмау, алдын-алу бағытында Қызылорда облысы арқылы өтетін республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент», Р-33 «Қызылорда-Жалағаш», А-17 «Қызылорда-Жезқазған» автожолдарында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасы саптық бөлінісі қызмет атқарады.
Қазіргі таңда, жоғарыда аталған республикалық маңызы бар автожолдарда ірі қара, жылқы, түйе жануарларының қатысуымен орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары алаңдатып отыр.
Атап айтқанда, бей-берекет жол үстінде жүрген сиыр, жылқы, түйе, т.б. уақ малдарды қуып-айдау жұмыстарын қоса атқарылғанына қарамастан, ағымдағы жыл басынан бері 53 мал қағу дерегі орын алып, салдарынан 2 адам қаза болса, 7 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.
Айта кететін тағы бір жәйт, қағылған төрт түлік малдардың барлығының сырғалары, ендері не таңбалары жоқ. Құрметті тұрғындар адам өмірінің арашасы болып, төрт түлік малдарыңыздың амандығы үшін түнгі мезгілде жарық шағылыстыратын алқалар мен сырғалар тағуға ықпал жасауларыңызды сұраймыз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз