Байқоңыр ғарыш мұражайында болды

157

0

Байқоңыр ғарыш мұражайында болдыҚазақстан Республикасы Полициясы күніне 25 жыл толуы аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  Байқоңыр ғарыш айлағы мұражайында болды. Мұнда департамент қызметкерлері 10000-нан аса экспонаттарды тамашалады. Мұнда негізінен ғарыш айлағы тарихынан сыр шертетін жәдігерлер орналастырылған.
Байқоңыр ғарыш айлағына кім келсе де зымыранның ұшырылуын тамашалағысы келеді.      Алайда, осы тұста көбісі фотосуреттер, түрлі экспонаттар, зымыранның элементтері – қозғалтқышы, қаптамасы, навигациялық аспаптары бар ғарыш айлағы мұражайының барын біле бермейді. Ол ғарыш айлағының орталық бөлігінде орналасқан, үш бөліктен тұрады. Кең екі қабатты ғимарат, сол жақта ашық аспан астындағы экспозиция және екі тарихи шағын үйлер, онда КСРО-ның бас зымыран құрастырушысы С.П. Королёв пен  Әлемнің тұңғыш ғарышкері Ю.А. Гагарин тұрған.
Байқоңыр ғарыш айлағы сізге ғарыш айлағы туралы, ғарыш техникаларының даму  тарихы, ғарыш айлағын игеру жөнінде кеңінен мағұлмат бере алады,  және ғарышта болған заттарды ұстап көруге мүмкіндік береді. Ашық аспан астындағы жәдігерлер сізді зымыран қозғалтқыштарымен таң қалдырады.  «Буран» ғарыш айлағы бортында болуға, ұшқыштың орнына отырып көруге болады.  Ал, Королёв пен Гагариннің үйлерін көре отырып, олардың ғарыштық дәуірде қарапайым жағдайда тіршілік еткенін жұмыс жасағанын көріп таңырқайсыз.  
Мұражай тарихы «Офицерлер үйінен» бастау алады. Онда ғарышкерлер, әскери адамдар және зымыран құрастырушылар бос уақыттарында мұнда шығармашылық кештерін, кино көрсетілімдерді және басқа да мәдени шараларды өткізіп отырған. Сонымен бірге мұнда бірнеше жылдан кейін ғарыш айлағы бұрышының  құрылуы да таң қаларлық емес еді. Онда әр түрлі экспонаттар, естелік суреттер және шығармалар орнатылды. Біртіндеп, бұрыш бөлмеге, бөлме үлкен ғарыш айлағы мұражайына айналып шыға келді. Ғимарратты түгел аралап шығуға 5 сағат, кейде тіпті одан да көп уақыт кетеді.  Ол ғарыштың туындауына арналған ғылыми залдан басталады. Залдағы жәдігерлер  теорилық ғарыштың негізін салушы Константин Эдуардұлы  Циолковскийге арналады. Ол 1903 жылы реактивті қозғалтқышпен зымыран ұшыруға болатындығы жөнінде  «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» жұмысын жарыққа шығарған болатын.  Бұдан соң экскурсия  ғарыш тарихында  үлкен рөлге ие танымал тұлға Сергей Павелұлы Королёвке ауысады. Бұл залда Королёвтің ғарыш айлағы жөнінде алғашқы құжаттары мен сызбаларын, фотосуреттерді көруге болады. Оның бірі, ерекше қызығушылық тудыратыны – реактивті қозғалтқыш бейнеленген макет.  Келесі зал  бірінші кезеңде ғарышқа ұшқан ұшқыштарға арналады.  Бірінші жасанды Жер серігін, ғарышқа жіберілген жануарлар макетін және ғарышқа тұңғыш ұшқан адамға байланысты жәдігерлер сақталған.
Байқоңыр ғарыш айлағы мұражайы ғарышкерлердің өмірінен қызықты мәлімет  береді. Мұнда скафандрларды, шлемдерді және басқа да ғарышқа керек-жарақтарды көруге болады. Өз алдына бір бөлек стенд ғарышкерлер тамақтарына арналған. Олар тек сықпа түрінде ғана емес, сондай-ақ консерві банкілерінде және вакуумдық пакеттерде болатын.  Залдың негізгі ерекше  орын алатын жері «Союз» кемесі аппаратының макеті, онымен ғарышкерлер Жерге оралып отырған.
Мұражайдың соңғы және үлкен залы зымыранды құрастырушыларға арналған бөлігі. Мұнда әр түрлі жәдігерлерді: ғарышкерлердің медалдарын, ордендерін және мундирлерін; зымыран құрастыру жолында әр түрлі құрастырғыштар құрастырған түрлі құралдарды және реактивті қозғалтқышты, зымырандар мен спутниктердің кішкентай макеттерін; сондай-ақ көптеген фотосуреттер мен тарихи құжаттардың көшірмелерін көруге болады.
Байқоңыр ғарыш айлағы ғимаратының сол жағында ашық аспан астында «Буран» ғарыштық кемесі орын алған.  Басында  үлкен өлшемдегі «Союз» ғарыш кемесінің макетін көруге болады. Сонан соң «Буран» ғарыштық кемесінің айналасында  зымыран қозғалтқыштың макетін, ұшыру үстелін, радиолокациялық анттенналарын, сондай-ақ ғарыш жұмысы үшін пайдаланылған  мамандандырылған автокөлік техникаларын көруге болады. «Буран» ғарыштық кемесін тек қана сыртынан ғана көруге емес, сонымен бірге ішіне де кіріп көруге болады. Онда сатымен көтерілсеңіз, өзінің кіші экспозициясы бар жүк бөлігіне кіресіз, егер дөңгелек шлюзбен енсеңіз, мұрын бөлігінен ұшқыштар кабинасына көтерілесіз, онда ғарыш кемесінің штурвалына отырасыз!
Соңғы және ең ескі бөлігі Королёв пен Гагариннің тұрған үйлері,  ол орталықтағы ғимараттан 200 метр шақытыққа орнеаласқан.  1960 жылдары салынған кішкентай ғана кірпіштен жасалған үй әлі күнге дейін ұқыпты сақталған.  Мұнда КСРО-ның бас зымыран құрастырушысы мен  әлемнің  тұңғыш ғарышкерінің қарапайым ғана  тұрмысын көріп қайран қаласыз. Королёв сол аталмыш үйде бірнеше жыл өмір сүрген, ал Гагарин көрші үйде ғарышқа ұшу алдында бірнеше күндер бойы тіршілік еткен екен. Егер сіз бірнеше сағат ішінде ғарыш айлағы тарихын, зымыран құрастыру, ғарышта өмір сүру жөнінде терең білгіңіз келсе және ғарыш кемесінде ұшқыш ретінде сезініп көргіңіз келсе, онда Байқоңыр ғарыш айлағы  мұражайына келіңіз. Бұл мұражай зымыран ұшыру жөніндегі таным деңгейіңізді кеңейтеді, Байқоңырға барған сапарыңыздағы естен кетпес әсер қалдыған кезең болып қалатыны сөзсіз!          

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз