Қызылорда облысы жан басына шаққанда білім саласына қаржы бөлуден бірінші орында

44

0

Қызылорда облысы жан басына шаққанда білім саласына қаржы бөлуден бірінші орындаОн бір жылдық білімді саралайтын
Ұлттық бірыңғай тестке аз ғана уақыт қалды. Аймақ басшысы жылдағы
дәстүрмен барлық ауданның түлектерімен кездесіп, сәттілік тіледі. Осыған
дейін бес ауданда болған облыс әкімі, бұл жолы Арал мен Қармақшының
мектеп бітіруші оқушыларымен кездесті.
Аралдық
түлектермен «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру
орталығында кездесті. Бұл ауданда биыл 786 оқушы мектеп бітіреді. Оның
62 пайызы сынақ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Өңір басшысы мамандық
таңдауда жаңылыспау қажеттігін ескертті. 

Үлкен жолдың алдында тұрсыздар. Мұндай орталық еш жерде жоқ. Сондықтан
Сіздер жоғары нәтиже көрсетулеріңіз керек, – деді облыс әкімі
Қ.Көшербаев.
Оқушылармен
кездесуге Сыр өңіріне арнайы сапармен келген Қазақстанның халық әртісі
Досхан Жолжақсынов пен жары, актриса Қаракөз Сүлейменова қатысып,
жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Сондай-ақ, Қаракөз Асқарқызы әсем
дауысымен ән шырқап берді.
Ал
Қармақшы ауданынан биыл 454 оқушы мектеп бітірсе, соның 76,17 пайызы
сынақ тапсырмақ. Қазір сынама тест нәтижесі бойынша орташа балл 88,8
құрап отыр. 

Біз білім саласына қаржы бөлуден жан басына шаққанда республикада көш
бастап тұрмыз. Өткен жылы мектеп бітірген оқушылардың 93,6 пайызы оқуға
түсті. Бұл көрсеткіш республикада 41 пайызды құрайды. Аймақтың мектеп
бітіруші барлық оқушыларымен кездестім. Өмірлеріңдегі ең бірінші
емтиханды сәтті тапсыруларыңа тілектеспін, – деді облыс әкімі
Қ.Көшербаев.
Айта
кетейік, қазіргі таңда Ресей Үкіметінің гранты есебінен 321
қызылордалық көрші елде білім алып жатыр. Биыл тағы 250 грант
тағайындалып отыр.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз