Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығын тағайындау ережесі

59

0

Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығын тағайындау  ережесіҚызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығы жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, облыс жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және аймақтағы жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, саяси және қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады.
Ұйымдастырушылар:
– Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы;
– «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры.
Қойылатын талаптар:
14 пен 29 жас аралығындағы өңіріміздің барлық жастары. Атап айтқанда, келесі салалар бойынша:
1. Жұмысшы мамандар;
2. Білім және ғылым;
3. Денсаулық;
4. Өнер мен мәдениет;
5. Ауылшаруашылық, агроөнеркәсіп кешені;
6. Спорт;
7. Кәсіпкерлік;
8. Әскери, құқық қорғау органдары;
9. Жастар ұйымдары;
10. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
11. Білім алушылар;
12. Ерікті жастар және т.б.
Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» атты сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша облыстың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып, белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:
• өз саласы бойынша жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін;
• әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
• мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
• жеке басының жетістіктері;
• аудандық, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы.
Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығына қатысушы үміткерлерге ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды. Қызылорда облысы жастарына арналған сыйлық отыз жасқа (сыйлық көлемі 150 000 (бір жүз елу мың теңге) тағайындалады және бір адамға екі мәрте қайта берілмейді (осы уақытқа дейін осы сыйлықты алған жастар).
Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:
– бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2016 жылдың 27 қазаннан – 15 қарашасына дейін);
– екінші кезең: «Сыр үміті» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау (2016 жылғы 16-18 қараша);
– үшінші кезең:  «Сыр үміті» сыйлығының иегерлерін марапаттау (2016 жылғы 23 қараша).
Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығына үміткерлер төмендегі құжаттарды 2016 жылдың 15 қарашасына дейін «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорына (Қызылорда қаласы, Төле би көшесі №47/2) тапсыруы қажет:
– жұмыс/оқу орнынан, саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете отырып);
– түйіндеме (қазақ және орыс тілдерінде жазылған, 3х4 фотосуретімен);
–  өмірбаяны;
–  жұмыс/оқу орнынан анықтама;
–  орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
– жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б.) /сканер арқылы жасалған көшірмелері/;
– «Мен осы сыйлыққа не үшін лайықтымын?» тақырыбында жазылған эссе (1 парақтан кем емес);
– мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралары жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары, ашқан жаңалықтары және басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;
– 10х15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен);
– жеке куәлігі (көшірмесі), тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама.
Құжаттар бекітіліп, беттеліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).  
Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды. Ұйымдастыру алқасына ұсынылған құжаттар үміткерлерге қайтарылмайды. Бұған дейін «Сыр үміті», «Самғау» сыйлықтарын алған азаматтардың құжаттары қабылданбайды.
Қосымша ақпараттарды «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорынан алуға болады.
Байланыс телефоны:
8 /7242/ 26-23-35, 8 777 340 87 34.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз