Қызылорда облысы Жақсықылыш ауылында 212 Батыр ана тұрады

66

0

Қызылорда облысы Жақсықылыш ауылында 212 Батыр ана тұрадыҚызылорда облысы Жақсықылыш ауылында 212 батыр ана тұрады Бір отбасында
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері бар. Жалпы өңірде бала туу көрсеткіші
артуда. Бір күннің өзінде орта есеппен 150 бала дүниеге келеді. Егер
осы қарқыннан таймаса, облыс халқының саны алдағы екі жылда 1 миллионға
жетеді деген болжам бар, деп хабарлайды kaztrk.kz.
    Жақсықылыш ауылын көпшілік «алтын құрсақты аналар мекені» дейді.
Мұндағы әрбір үйдің базары-бала. Әр әулетте кем дегенде 5 ұрпақ бар.
Бүлдіршіндердің бал күлкісі мен тәп-тәтті былдырлаған тілімен отбасының
ұйытқысы, шаңырақтың берекесі саналатын ақ жаулықты аналардың мейірімді
сөзімен қуаттанған елдімекен осынысымен өзгелерден оқ бойы озық тұрады.
Өмірді ізгілендіретін қыз бала дүниеге келгеннен кейін ол өсе
бастағаннан барған ошағының отын жағып, шаңырағын биік ұстауды құлағына
құйяды, санасына сіңіреді.
    «Бала – адамның болашағы, өмірінің жалғасы. Осыны қыздарыма да,
келіндеріме де айтып отырамын. Қазақта «Бір қозы туса бір туп жусан
артық шығады» деген сөз бар. Әр баланың өзінің несібесі болады. Ешкім
мәңгілік емес, сол ұрпақтарымен мың жасайды», – дейді батыр ана Күләйша
Шәріпова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз