Қызылорда облысынан Сенат депутаттығына бір үміткер ұсынылды

55

0

Қызылорда облысынан Сенат депутаттығына бір үміткер ұсынылдыҚызылордада қалалық және облыстық мәслихаттардың кезектен тыс сессиясы өтіп, онда Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа үміткер ұсынылды, деп хабарлайды BNews.kz.
Сенат депутаттығына үміткер ретінде облыстық мәслихаттың қазіргі хатшысы Бекмырза Еламанов ұсынылды. 
Қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары Еламановтың кандидатурасын бірауыздан бекітті, ал Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев үміткерге сәттілік тіледі. 
Бекмырза Еламанов 64 жаста, Алматы зооветеринарлық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Қызылорда облысы Қармақшы ауданының шаруашылығында бастаған ол бірқатар шаруашылықтардың директоры, Қармақшы және Жаңақорған аудандарының әкімі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары секілді лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қазіргі таңда – облыстық мәлихаттың хатшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз