Қызылорда облысында 12 апатты мектептің орнына жаңасы бой көтереді

31

0

Қызылорда облысында 12 апатты мектептің орнына жаңасы бой көтередіҚызылорда облысында апатты жағдайда тұрған 12 мектептің орнына жаңа ғимараттар салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
    Облыстық мәслихат сессиясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев осылай мәлім етті.
    «Өңірде соңғы бірнеше жылда апатты мектептер мәселесі шешімін тауып
келеді. Мәселен, соңғы үш жылда 25 жаңа мектеп бой көтерген. Енді
бюджет қаржысы есебінен қалған он екі білім ошағының құрылысын бастау
жоспарланып отыр», – деді ол.
    Қызылорда облысында апатты мектептердің барлығы шалғай ауылдарда
орналасқан, олардың орнына шағын ғимараттар бой көтереді. Алғашында 
оларды МЖС негізінде салу жоспарланған еді, алайда кейін бұл
экономикалық жағынан тиімсіз болып шықты.
    Апатты білім ошақтарының орнына тұрғызылатын жаңа ғимараттарда
үлкен спортзал, технологиялық жағынан жабдықталған асханалар мен
компьютер кабинеттері орналасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз