Қызылорда облысында 143 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

82

0

Қызылорда облысында 143 түлек «Алтын белгі» иегері атандыЗерек білімдерінің
жоғарғы сапасын дәлелдеген 143 түлекке бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек
Көшербаев «Алтын белгі» тапсырды.

Биылғы оқу жылында 6 570 түлек
мектеп бітірсе, оның 70 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Былтыр Ұлттық бірыңғай тест
тапсырған түлектердің орташа балы 81,7-ні құрап, облыстар рейтингісінде 13 орыннан 5 орынға
көтерілген. Ал, биыл орташа көрсеткіш 1 балға жоғарылап, 82,7 болды. 2015 жылы
облыс бойынша 100-ден жоғары балл жинаған оқушы саны 653 болса, 2016 жылы 722
түлек 100-ден көп балл жинады. 4 түлек 122 балға ие болды.

Осылайша Ұлттық
бірыңғай тестілеуге қатысқан 4 507 бітірушінің 93 пайызы 50-ден жоғары балл
жинап, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алды.

– Өткен жылмен
салыстырғанда «Алтын белгі» иегерлерінің саны артты. 11 жылғы білімінің
деңгейін дәлелдеп 143 баланың жұлдызы жанып, ең жоғары баға алды. Бұл біздің балалардың биыл аталып жатқан Қазақстан
тәуелсіздігінің 25 жылдығына жасаған лайықты тартуы, мерейтойға қосқан
үлестері деп білемін. Сыр өңірінің балалары үшін білім алуға барлық жағдай
жасалып отыр. Мемлекеттік білім гранттарынан бөлек облыс әкімінің және Ресей
Үкіметінің гранттары бар. Биыл Ресейлік оқу орындарының қабылдау емтихандарына
2000-нан аса бала қатысып, оның арасынан 452 түлегіміз оқуға жолдама алды.
Мұның бәрі – облыс көлемінде талапты балаларға деген қамқорлықтың және
оқушылардың, ұстаздар мен ата-аналар еңбегінің жемісі. Сондықтан барлық
оқушыларға, олардың ата-аналары мен ұстаздарына рахмет айтамыз, – деді облыс
әкімі.

Биыл Халықаралық
ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары атанған 37 түлек ҰБТ-ден босатылып,
қалаған жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, облыс
әкімінің грантымен әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан шыққан 365 бала
Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып жатыр. Биыл бұған тағы
135 грант қосылды. Яғни, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларына берілетін
облыс әкімінің гранты 500-ге жетті.

«Серпін” мемлекеттік
бағдарламасы бойынша 2 жылда сырбойылық 2500 бала еліміздің түкпір-түкпіріндегі
орта арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алуда.

Жалпы өткен жылы Қызылорда
облысында мектеп бітірген түлектердің 93 пайызы оқу орындарына түсіп, білімін
жалғастыруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз