Қазалы ауданында 500 басқа арналған мал бордақылау кешені ашылды

80

0

Қазалы ауданында 500 басқа арналған мал бордақылау кешені ашылдыҚызылорда облысы
келер жылдан бастап ет экспортына басымдық бермек. Бұл бағытта қазір облыста
мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары қызу жүруде. Ет экспортына бағытталған
жобалардың бірі 500 бас ірі қараны бордақылау кешені ашылды.

21 гектар жерді
жалып жатқан бұл кешенде бір мезгілде 500 бас ірі қараның күйін келтіруге
болады. Инвестициялық жобаның жалпы құны 335 миллион теңге. Оның 70 пайызын
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырса, қалғаны жергілікті кәсіпкер
Мінажаддин Өтеевтің үлесінде.

– Көктем айларынан
бастап осы жерге консерві зауытын қойғымыз кеп жатыр. Яғни, әрі қарай еттің
кластерін жасау үшін. Қазір дайындық жұмыстарын бастап кеттік, – кәсіпкер
Мінажаддин Өтеев.

Ферма жанында
заманауи үлгідегі мал сою бекеті де бар. Мұнда өндірілетін ет нарықтағыдан
арзан болады. Өйткені, шаруашылық мал азығына керек дақылдарды өздері егіп,
өздері дайындайды.

Қазір облыста 2200
басқа арналған осындай 18 мал бордақылау
алаңы бар. Жаңақорған ауданында 7 мың тонна қой етін өңдейтін комбинат
саланытын болады. 50 мың бас
бордақылайтын Жаңақорған және Қармақшы ауданыдарында алаңдар салынатын болады.
Олар Қытай, Иран мемлекеттеріне өнім экспорттауға үлкен мүмкіндік береді. Қазіргі
таңда Сырдария ауданында 3 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы
қарқынды жүруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз