Қызылорда облысында ашылған бірегей жоба өңір экономикасының өрлеуіне үлес қосуда

59

0

Қызылорда облысында ашылған бірегей жоба өңір экономикасының өрлеуіне үлес қосудаСоңғы жылдары Сыр өңірінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму жобасы
аясында көптеген жобалар қолға алынып, облыс экономикасының өрлеуіне өз
үлестерін қоса бастады. Солардың қатарында жоба аясында ашылған «Хуа Ю
Интернационал в Кызылорде» ЖШС химия реагенттерін өндіретін компания да
бар.

Бұл жобаның құны 500 млн. теңгені құрайды. Қазірде мұнда 24 адам
еңбек етеді. Жоба жұмыс жасап тұрған химиялық реагенттер өндірісін
ұлғайтуға бағытталған. Жылдық қуаттылығы 2,0 мың тоннаға есептелген.

Компания арқылы өндірілетін химиялық реагенттер мұнай құбырларының
шіруі, корозияға ұшырауы, қақ тұруы төмендеп, пайдалану мерзімі ұзарады.
Қара алтын өндіретін аймақ үшін жергілікті компанияның тиімділігі осы
себепті де жоғары болып тұр. Оның үстіне «Хуа Ю Интернационал в
Кызылорде» ЖШС химия реагенттерін өндіретін облыстағы бірден-бір
компания болып саналады.

Кәсіпорында арқылы химиялық реагенттерді автоматты түрде құю бойынша
құрал-жабдық алынған. Мұнда 5 түрлі химиялық реагенттер шығарылады.
Қазіргі таңда ол өз өнімдерін сату бойынша «СНПС Айдан мұнай» АҚ және
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ымен келісімшарт жасалған.

2014 жылдың 12 айында 2003,5 тонна химиялық реагенттер өндіріліп,
жоспарлы қуаттылық 125,2 пайызға орындады. Биылғы жылдың 5 айында 583
тонна немесе 300,1 млн теңгеге өнім шығарып, жоспарлы қуаттылықты 103
пайызға игерді.

Кәсіпорынның іргетасы 2009 жылы қаланған. Мекеменің 1780 шаршы метр
аумақты алатын химиялық реагенттерді дайындайтын шағын цехы, сонымен
қатар өндірістік цехы, қоймасы, кеңсесі және зертханасы бар.

Сондай-ақ
өндірістің толық жүйесімен, өнімді сынақтау үшін заман талабына сай
құрал-жабдығымен жабдықталған, қазақстандық техникалық қызмет көрсету
тобы мен техникалық білікті қызметі бар. Тікелей тұтынушылары Қызылорда
облысы мен Қазақстан Республикасының аумағындағы түрлі мұнай мекемелері
мен мұнай өндіруші мекемелер болып табылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз