Қызылорда облысында ауылдардың 70 пайызы газбен қамтылады

52

0

Қызылорда облысында ауылдардың 70 пайызы газбен қамтыладыҚызылорда облысында ауылдардың 70 пайызы газбен қамтылады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Қызылорда әкiмiнiң орынбасары Ғалым Әмреев мәлiм еттi.

«Көп жылдан бері қолға алынбаған көпір салу, жаңадан магистральді жол салу мәселелері қарқынды дамуда. Өздеріңіз білесіздер, Батыс Еуропа-Батыс Қытай магистралінің ең көп бөлігі (812 км) осы Қызылорда облысы ақылы өтеді. 93 пайыз халық тұратын елдi мекендер сол жолдың бойында орналасқан. Биыл осы жол аяқталады», – дейдi әкiм орынбасары.

Оның айтуынша, жалпы инфрақұрылымға 200 млн. теңге инвестиция тартылған.

«Бұдан бөлек «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры да үлкен инфрақұрылымды жобаның да жұмыстары осы жылы ақталады. Аталған жобаның қасында биыл ауылдар мен елдімекендердің 70 пайызы газандырылады. Облыс басшысының «ГазТрансГаз Аймақ» компаниясымен жүргізген келіссөздердің арқасында биыл осы жобаға 23 млрд. теңге бөлінді. Сонда газға 4 аудан тұрғындары қосылады деген сөз», – деп түйдi сөзiн Ғ. Әмреев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз