Қызылорда облысында балық өнімдерінің экспорты 45 пайызға артты

45

0

Қызылорда облысында балық өнімдерінің экспорты 45 пайызға арттыҚызылорда облысында балық өнімдерінің экспорты
соңғы екі жылда 45 пайызға артты. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі
Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Қызылорда
облысында соңғы 3 жылда балық аулау 2 мың тоннаға немесе 30 пайызға
көбейді. 2015 жылы жалпы ауланған көлем 8,4 мың тоннаны құрады. Соңғы
екі жылда балық өнімдерінің экспорты 45 пайызға, оның ішінде Еуроодақ
елдеріне – 2 есеге өсті.
Аралдың балығы осы күнде Ресей,
Украина, Грузия, Дания, Польша, Австрия мен Германияға экспортталды.
2015 жылы құны 4,6 млн. АҚШ долларын құрайтын 867 тонна балық Еуропа
елдеріне және құны 202 мың АҚШ долларын құрайтын 920 тонна өнім Ресейге
жөнелтілген.

Облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8
балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл 300-ден астам адамды тұрақты
жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.

Барлық кәсіпорындар халықаралық талапқа сай құралдармен жабдықталған.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
тарапынан бұл салаға жақсы қолдау көрсетіліп отыр. Өткен жылы,
мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде, әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы балық өндіру, өңдеу және өнімді өткізуге арналған бірнеше
жобаға еншілес мекеме ретінде атсалысты. Жобаларды іске асырушы негізгі
кәсіпорынның «қанаты қатайғаннан кейін» әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы өз үлесін әріптес кәсіпорынға қайтарып береді. Қазір
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы осы саладағы тағы бірнеше жобалар
бойынша, атап айтсақ, Иіркөл шаруашылығы тоғанын қалпына келтіру және
Арал балық өңдеу зауытының жұмысын жетілдіруге атсалысуда», – деді
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті
кездесуінде.

Арал қаласындағы қуаттылығы жылына 6 мың тонна
балық өңдейтін Арал балық өңдеу зауыты қызметін кеңейтіп, жұмыстарын
жүргізуде. Зауытты шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін Арал ауданында
Қарашалаң балық сервистік-дайындау орталығының құрылысы аяқталды.

Өткен жылдың шілдесінде соңғы 50 жылда тұңғыш рет Арал өңірі балықшыларының бірінші слеті өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз