Қызылорда облысында екі ауылдық клуб ашылды

56

0

Қызылорда облысында екі ауылдық клуб ашылдыШиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округінде және Жаңақорған ауданы, Бесарық
ауылдық округінде  150 орындық екі ауылдық клуб ашылды. Салтанатты
шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
–  Еліміздің ең басты ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігі аясында және келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында көптен күткен
қуаныштарыңыз – жаңа ауылдық клубтың ашылуымен шын жүректен
құттықтаймын. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында біздің елімізде
мәдениет саласын дамытуға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Соның
ішінде ауылдың мәдениетін көтеру, көркейту – басты міндеттің бірі, –
деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша 12 мәдени нысанның құрылысына
мемлекет қазынасынан 1 млрд. 800 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп,
бүгінгі таңда оның төртеуі ел игілігіне пайдалануға берілді. Енді ауыл
азаматтарының жиналып, түрлі рухани кештер, шаралар ұйымдастыруына
барлық жағдай бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз