Қызылорда облысында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 333 млрд теңге қарастырылған

38

0

Қызылорда облысында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 333 млрд теңге қарастырылғанҚызылорда облысында отыздан астам жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік
(МЖС) негізінде және халықаралық қаржы институттарымен (ХҚИ) ынтымақтастықта жұмыс
істеуге ниет білдіріп отыр.

«Халықаралық қаржы институттары мен
«МЖС жобаларын қолдау орталығы» ЖШС жалпы сомасы 333 млрд теңгеге 31 жобаны
жүзеге асыруда, – деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев
биылғы жоспарларды таныстыра отырып. – Жаһандық экономикалық дағдарыс
жағдайында өңірді дамытуға қаржы тартудың жалғыз көзі халықаралық қаржы
институттары екенін ұмытпау керек. Олардың арасында біз тығыз ынтымақтастықта
жұмыс істейтін Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму
банкі, Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы
және тағы басқалар бар».

Еуропа қайта құру және даму банкімен
бірге сегіз жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Қызылорда қаласы әкімдігінің
мәліметінше, оның жетеуі облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, өңірдегі Шиелі және Жаңақорған аудандарының электр желілерін
жаңғырту, қалада заманға сай автобус паркін салу және басқа да жұмыстар
қарастырылған.

«Халықаралық Ислам қаржы институттарымен
және Азия даму банкімен инфрақұрылымдық, индустриялық, ауыл шаруашылық және
тұрғын үй жобаларын жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр» – деп
нақтылады облыс әкімі.

Атап айтқанда, Азия даму банкімен
бірге маңызды жоба – Сырдарияның сол жағалауындағы инженерлік-инфрақұрылымдық,
тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды салу жобасын жүзеге асыру
қарастырылып жатыр. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Азия даму банкі жобаны
«ақылды» «SMART CITY» қаласын салуға және дамытуға бағытталған кешенді
инфрақұрылымдық бағдарлама ретінде жүзеге асыру үшін инновациялық ұсыныс
енгізген.

«Қазақстан Мемлекеттік-жекеменшік
серіктестік орталығы» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында МЖС-ті дамытпақ.
Осы келісім аясында Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын қолдау
орталығымен бірге бес жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту жұмысы
жүргізіліп жатыр. Яғни, Қызылордада бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын
емхана, кәсіптік-техникалық лицей, он бір мектеп Қызылорда әуежайына жолаушылар
терминалын салу, сондай-ақ Сырдария ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен
қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз