Қызылорда облысында әкімшілік қызметкері 1 миллион теңгеге жуық салық төлемдерін өз пайдасына жаратқан

40

0

Қызылорда облысында әкімшілік қызметкері 1 миллион теңгеге жуық салық төлемдерін өз пайдасына жаратқанБайқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 176-бабының
2-бөлігінің «в» тармағымен айыпталған сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық
ісі қаралды (ескі ред.).

Бұл туралы Қызылорда облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сотталушы Ж. Төретам кенті әкімі аппаратында
салықшы маман болып қызмет атқарып жүріп еңбек шарты негізінде Төретам
кентінің жер, көлік және мүлік салықтарын тұрғындардан жинау, мәліметін
уқытылы салық басқармасына беру жүктелген біле тұра қызмет бабын
пайдаланып, 15.11.2012 жылмен 13.04.2014 жыл аралығында Төретам кенті
тұрғындарынан ФЛ-1 кітапшасы арқылы 9542878 теңге салық төлемдерін
жинап, оның тек 8592197 теңгесін ғана мемлекет қоржынына өткізіп, қалған
950 681 теңгесін иеленіп алу арқылы ұрлап бас пайдасына жаратқан.

Яғни сотталушы Ж. қызмет бабын пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алып, ысырап етіп, ұрлаған.

Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы
ҚК-нің 176-бабының 2-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, 1
жылға бас бостандығынын шектелінді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз