Қызылорда облысында өнеркәсіп құлдыраған

61

0

Қызылорда облысында өнеркәсіп құлдыраған5 өңірде
өнеркәсіптің құлдырағаны байқалып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық
коммуникациялар қызметінің 2014 жылғы 11 айдың қорытындыларына арналған
баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина
Әбілқасымова мәлім етті. 

«Өңірлер
бөлінісінде 5 өңірде өнеркәсіптің құлдырауы байқалып отыр. Бұл Ақтөбе
облысы – 4,7 %-ға, Астана қаласы – 3,7%-ға, Қызылорда облысы – 2,8%-ға,
Павлодар облысы – 2,7%-ға және Атырау облысы – 1,1%-ға төмендеді», –
деді М.Әбілқасымова.

Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, Павлодар, Жамбыл, ОҚО, Қарағанды,
Қостанай облыстарында ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі қысқарған.
«Ауыл шаруашылығының нақты көлемінің индексі өсімдік шаруашылығындағы
өндіріс көлемінің 3,2%-ға төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы 11 айда
99,6%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудің нақты көлемінің
индексі 103,5%-ды құрады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің
төмендеуі дәнді дақылдар өнімін жалпы жинаудың азаюына байланысты. Алдын
ала деректер бойынша ағымдағы жылғы 17 млн тонна жиналды, бұл 2013
жылға қарағанда 6,6%-ға төмен», – деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз