Қызылорда облысында ҰОС ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер тарту етілді

43

0

Қызылорда облысында ҰОС ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер тарту етілдіҚазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясының хатшылығы мен облыс
әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұла дала
елі» тарихи-мәдени экспедициясы ауданымыздағы Сығанақ, Хорасан Ата,
Сауран тарихи қалаларында болып, ежелгі тарихи орындармен танысты.

Сондай-ақ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550
жылдығы мерекелеріне орай жолға шыққан экспедиция тарапынан аудандағы
бірқатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер
сыйға тартылды. Бұл туралы Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз
қызметінен хабарлады.

Шара аясында аудан әкімдігі және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық
келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар
жөніндегі сарапшысы Біржан Өтебаев, ауылдық округ әкімдері, ауыл
ауруханасының мейірбикесі және ауылдың белсенді жастары Ұлы Отан
соғысының ардагерлері Нұрман Асанов, Сейітхан Байдүйсенов, Тұрсынбек
Бейімбетов, Сайфулла Жұмадуллаев, Жүніс Қабетенов, Асылбек Қошқаров,
Шаймерден Сүйіндіков, Әли Тасқынбаевқа қан қысымын өлшейтін
тонометрлерді үйлеріне арнайы барып тапсырды.

Өз кезегінде ардақты ардагерлер келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз