Қызылорда облысында ірі жол апатынан 5 адам көз жұмды

53

0

Қызылорда облысында ірі жол апатынан 5 адам көз жұмдыКеше сағат 15.25 шамасында Сырдария ауданы «Қызылорда-Жалағаш» тас
жолының 30-шақырымының №9 бекет тұсында екі жеңіл автокөлік соқтығып,
ірі жол-көлік апаты орын алды.

Жол-көлік оқиғасы
салдарынан 5 адам сол жерде көз жұмып, 4 адам ауыр дене жарақаттарымен
аудандық аурухананың «жансақтау» бөліміне жатқызылды.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің
345 бабы, 4 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу
амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы ОІІД
баспасөз қызметі хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз