Қызылорда облысында әріптестік үшін жағдай жасалған

37

0

Қызылорда облысында әріптестік үшін жағдай жасалғанБұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді.
– Форум барысында сіздердің назарларыңызға бизнес үшін Қызылорда облысының артықшылықтарын, инвестиция салуға лайықты ауқымды жобаларды ұсынамыз. Негізгі артықшылықтарды атап өткім келеді. Біріншіден, Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының «Байқоңыр» кешені бойынша төртінші отырысында «Байқоңыр» кешенінің 14 нысанын Қызылорда облысының меншігіне беру туралы шешім қабылданды. Олар – өндіріс алаңдары, дүкендер, тұрғын үйлер мен әртүрлі әлеуметтік нысандар. Нысандар қазіргі уақытта бос тұр. Оның негізінде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған  жаңа өндіріс орындарын құруға болады. Екіншіден, облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласында барлық инженерлік инфрақұрылымы дайын индустриалды аймақтар құрылды. Қызығушылық танытқандарға инфрақұрылымы дайын жер телімдерін беруге, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалы кен орындарымен қамтамасыз етуге дайынбыз. Үшіншіден, баламалы жел және күн энергиясын пайдаланудың әлеуеті өте жоғары.  Облыста шуақты күндердің саны жылына 300 күнді құрайды. Төртіншіден, аймақта инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсететін бірегей орталық жұмыс істейді. Онда техникалық шарттарды қоса алғанда, коммуналдық қызметтерге қосылуға және өзге де қызмет түрлерін бір жерден алуға мүмкіндік бар. Бесіншіден, ел экономикасының тиімділігін арттыру мақсатында жекешелендіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Жекелеген инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік активтерді бәсекелестік  ортаға шығарамыз»,- деді облыс әкімі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз