Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары басталды

49

0

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары басталдыҚызылорда облысының аумағы шегіртке зиянкестерінің өсіп-өнуіне қолайлы
аймақ болып саналады. Көктем, жаз мезгілдерінде осы шегірткелерге қарсы
күрес жұмыстары жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарының айтуынша, бұл – жәндіктердің будандасып, көбейетін уақыты.

Азиялық және итальяндық болып бөлінетін
зиянкестермен аймақтық және республикалық фитосанитарлық диагностика
және болжамдау әдістемелік орталығы дәрілеу жұмыстарын бастаған.
Нәтижесінде 2015 жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы
мониторинг зерттеу жұмыстары 2671,9 мың гектар жерге жүргізу, оның
ішінде 1,4 мың гектары көктемгі күбіршіктеріне, 1240 мың гектары
дернәсілдерге, 1429 мың гектары күзгі зиянкестердің жұптасу, ұрық салу
кезінде және 1,5 мың гектар күзгі күбіршіктердің жағдайын анықтауға
жоспарланған.

Бүгінгі таңда италиялық прусқа қарсы 610,0 мың га
жер тексеріліп, 94,127 мың га жерге химиялық өңдеу, азиялық шегірткеге
қарсы 630,0 мың га жер тексеріліп, 68,736 мың га жерге химиялық өңдеу
жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз