
Департамент жүргізген мониторинг нәтижесінде белгілі болғанындай, облыс мектептері компьютерлермен үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді. Дегенмен, мектептердегі компьютерлердің 30 пайызы ескірген. Сондай-ақ елімізде мектептер жыл сайын жаңа үлгідегі физика, химия және биология кабинеттерімен қамтамасыз етіліп отырғандығына қарамастан, 61 мектеп тек химия кабинетімен ғана жабдықталған. Ал физика, биология кабинеттері мүлде алынбаған.
«Жүргізілген бақылау негізінде тиісті заңдылықтарға сәйкес өтініштер қаралып, жаңадан ашылған мектепке мемлекеттік лицензия берілсе, 196 білім беру мекемесінің білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия қайта рәсімделді. 7 мамандыққа лицензия қосымша беріліп, лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес сәйкес болмаған 86 білім мекемелерінің өтішінтері кері қайтарылды», – дейді департамент басшысы Мейрамбек Зинадинұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!