Қызылорда облысында өткен жыл көлемінде 1 мыңнан аса алаяқтық қылмысы тіркелген

43

0

Қызылорда облысында өткен жыл көлемінде 1 мыңнан аса алаяқтық қылмысы тіркелгенБүгін Қызылорда ОІІД-нің баспасөз орталығында қалалық ішкі істер
басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Асылбек Бексейітовтің
қатысуымен «Алаяқтық сипатындағы қылмыстарды ашу, алдын алу бағытында
атқарылып жатырған жұмыстар» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарына
арналған баспасөз мәслихаты өткізілді. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі
хабарлады.

Өткен жылдың 12 айында Қызылорда облысы бойынша 1137
алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2014 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға
өсім алған. Дегемен, Ішкі істер департаменті қызметкерлерімен
жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 81,4
пайызы ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды.

Былтырғы жылы тіркелген алаяқтық қылмыстарына
талдау жасау барысында, қарызға ақша алып қайтармағандар саны – 986-ны,
келісімшартқа отырып, шартты орындамағандар саны – 27-ні, несие алдырып
төлемегендер саны – 48-ді, телефон арқылы сеніміне кіріп, ақша аудартып
алғандар саны – 42-ні құрап отыр.

Бұл қылмыстардың өсім алуына тұрғындардың немесе жәбірленушілердің әлеуметтік
жағдайларын түзеп беруге, атап айтқанда, жұмысқа орналасу, мемлекеттік
жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбен несие алып беру, жер
немесе пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткен
азаматтардың сөзіне алданып, оңай жолмен өз жұмыстарын бітіруге талпынулары себеп болып отыр.

Мәселен, 2015 жылы қала тұрғындарынан «төмен
бағаға жер сатып алып, құжаттарын аз уақыттың ішінде заңдастырып
беремін» деген желеумен 8 азаматтан ірі көлемде ақша алып, уәдесінде
тұрмағандығы жөнінде арыз келіп түседі. Аталған арыз негізінде күдікті
азаматшаның жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің
190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі
тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ол азаматшаның алаяқтық әрекетінен
зардап шеккен басқа да қала тұрғындарының жеке басы анықталуда. Егер де
оның кінәсі толық дәлелденсе, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау,
сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену қылмыс
әрекеттерінің ізі бар болса, онда оның мүлкі тәркіленіп, 4 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз