Қызылорда облысында тікұшақ құлап, төрт адам зардап шекті

50

0

Қызылорда облысында тікұшақ құлап, төрт адам зардап шектіЖетінші қыркүйек күні Қызылорда облысында «Евро-Азия Эйр» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы құлады. 
Оқыс жағдай Астана уақыты бойынша 15:40-та болған. Бортта «ҚазТрансОйл» Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының 19 қызметкері және үш экипаж мүшесі болған.
Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Түрлі жарақаттар алып, зардап шеккен төрт қызметкер медициналық тексерістен өту үшін Қызылордаға жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз