Қызылорда облысында тыл ардагерлерінің құқығы қорғалды

49

0

Қызылорда облысында тыл ардагерлерінің құқығы қорғалдыҚызылордалық 35 қарт «Тыл арадагері» мәртебесін алды, деп хабарлады «24 кз».
Соғыс жылдары тылда тынбай еңбек еткен тұрғындар бірнеше жылдан бері өздерінің заңды құқығын қорғай алмай келген. Олардың жазған арызын Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия түрлі себеппен кері қайтарып отырған. Өтініштерінің қолдау таппағаны қаршадайынан зұлмат зардабын тартып, масақ теріп, канал қазған қариялардың көңіліне қаяу түсіргені рас. Жасы 80-ге таяған тұста әуре-сарсаңға түсіп, амалы таусылған олар аудандық прокуратураға жүгінеді. Ұлы Отан соғысы кезінде ең кемі жарты жылдай жұмыс істеген азаматтардың еңбек өтілін белгілеу заңдылығын тексерген қадағалаушы орган қызметкерлері мәселенің оң шешілуіне ықпал етті.
Сегізбай Қанбаев, тыл ардагері:
– 2011 жылы аудандық қамсыздандыру бөліміне арыз бердік. Ол құжаттар түрлі себептермен кәдеге аспады. Сіздерге берілмейді деді. 2015 жылы қайтадан дайындадық. Аудан әкімінің орынбасарлары қарап, комиссия тағы болмайды деді. Содан кейін барып біз аудандық прокуратураға арыздандық. Сонымен бізге 2016 шілдесінен бастап тыл ардагерінің ақшасын, атақты да берді.
Бақытжан Мырзабаев, Қармақшы ауданының прокуроры:
– 35 ардагерге тылда жұмыс істегені жөнінде жұмыс өтілі белгіленіп, олардың құқықтары қорғалды. Қазіргі таңда аталған тыл ардагерлерінің әрқайсысына ай сайын 4 500 тг көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз