Қызылорда облысында түзету кабинеті талапқа сай емес

65

0

Қызылорда облысында түзету кабинеті талапқа сай емес Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданындағы «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»
талапқа сай келмейді.

«24 кз»
хабарлағандай, 45 мүмкіндігі шектеулі балғын тәрбиеленетін мекеме Жосалы
кентіндегі №250-ші мектеп-лицейінің бір бөлігіне орналасқан. Орталықта көру
қабілетін түзету, балалар жаттығу жасайтын бөлме қарастырылмаған. Бұл
кемшіліктерді мекеме жұмысына тексеріс жүргізген аудандық прокуратура
қызметкерлері әшкерелеп отыр.

Қадағалаушы
органның ықпалымен қазір тәрбиеленушілердің еркін кіріп-шығуына негізделіп,
арнайы бөлек есік ашылды. Сондай-ақ әлеуметтік бейімдеу, оңалту, ем-дом жасау
бөлмелері мемлекеттік талапқа сәйкестендірілді. Қажетті мамандар штаты да
шешімін тапты. 2003 жылы ашылған түзету кабинетіне қазір Қармақшы ауданы
бойынша 70 бала кезекте тұр. Дамуында ақауы бар балғындарға сапалы
психологиялық-педагогикалық көмек беру үшін жаңа құрал-жабдықтар алынатын
болады.

Ләззат Мұсаева,
түзету кабинетінің меңгерушісі:

– Аудандық
білім бөліміне, экономика бөліміне ұсыныстар беріліп, енді 5 млн тг ақша
жабдықтарға аударылып тұр. Мамыр айында жабдықтар келеді. Ойыншықтар, балаларға
тренажерлар, дидактикалық ойындар келеді.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз