Қызылорда облысында үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

46

0

Қызылорда облысында үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды23
маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстың мемлекеттік қызметкерлерін аймақ басшысы Қырымбек
Көшербаев құттықтап, үздік қызметкерлерді
марапаттады.

– Мемлекеттік қызметшілер
халық пен мемлекеттік биліктің арасындағы сенімді қалыптастыруда үлкен роль
атқаратыны сөзсіз. Сондықтан, біз үшін мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету
ұғымының синонимі болуға тиіс. Сол себепті де Сіздер уақытпен санаспай, ел
мүддесін өз мүдделеріңізден әрдайым биік ұстауларыңыз керек. Мемлекеттік
қызметші ел сенімінен шыға білсе, одан жоғары мәртебе жоқ және одан артық бақыт
жоқ деп есептеймін, – деген аймақ басшысы аталмыш
қызметтің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Облыс әкімі мерейлі мереке қарсаңында төрт мемлекеттік қызметшіге
«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгі табыстады. Бұл мереке мемлекеттік
басқару саласындағы қызметшілердің жігерін арттырып, тәуелсіз еліміздің
болашағын қалыптастырудағы еңбектерін еселей түсері анық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз