Қызылорда облысында жарық диодты шамдар өндірісі ашылады

55

0

Қызылорда облысында жарық диодты шамдар өндірісі ашыладыҚызылорда облысының Жалағаш ауданында ашылғалы отырған жаңа кәсіпорын
жарық диодты шамдар өндірісін жолға қоймақ, деп хабарлайды BNews.kz
тілшісі.
    «Қазэнергияүнемдеу» ЖШС қолдауымен іске қосылғалы отырған зауыт
жылына 31,2 мың дана жарық диодты шам шығаруға қауқарлы. Қазақстанның
индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып отырған жобаның құны
98,3 млн теңгені құрап отыр. Кәсіпорын үшін аудандық индустриялды
аймақтан жер телімі бөлінді. Құрылыс аяқталды, қазір әрлеу жұмыстары
жүріп жатыр. Кәсіпорын ресейлік жабдықпен жарақтандырылатын болады», –
дейді облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасы мониторинг және
талдау бөлімінің басшысы Жанар Берденова.
    Бөлім жетекшісінің пікірінше, Қызылорда өңірі қолға алып отырған
жарық диодты шамдар жасау жобасы қазіргі нарық жағдайында өте өзекті.
Аталған өндіріс қуат көзін үнемдеуге мүмкіндік береді.
    «Зауытта шығарылатын өнім түрлерін пәтерлерде, қоғамдық және
кеңселік ғимараттарда пайдалануға болады. Сондай-ақ көшелер мен
саябақтарды, тас жолдарды, өнеркәсіптік нысандарды жарықтандыруға да өте
қажет», – деп нақтылады Берденова.
    Жаңа кәсіпорынды осы жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беру
жоспарланып отыр. Өндірістің іске қосылуының арқасында 30 адам жұмыс
орнымен қамтылмақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз